Фалькао шынайы жасын жасырып келген

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Фалькао шынайы жасын жасырып келген

Колумбия құрамасының және «Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы Радамель Фалькао шынайы жасын жасырып келген. 28 жастамын деп алдап келген футболшы шын мәнінде 30 жаста болып шықты. Бұл туралы The Sun агенттігі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

The Sun агенттігінің қолына келіп түскен құжат бойынша Фалькао 1984 жылы 10 ақпанда туған деп көрсетілген. Яғни, футболшы өзін екі жасқа жас етіп көрсеткен.

Радамель Фалькаоның бұндай қадамға не үшін барғаны әзірге анықталған жоқ. Журналистердің айтуы бойынша, «Манчестер Юнайтед» командасы колумбиялық футболшыны «Монакодан» осы жазда жалға алған болатын, бірақ толықтай сатып алу мүмкіндігіне ие болмады. Бұның бір себебі осыда көрінеді.

Колумбиялық БАҚ өкілдері: «Фалькао 2013 жылы «Атлетикодан» «Монакоға» ауысқан кезде жасын екі жасқа азайтып, туған жерін Санта-Марта деп көрсеткен болатын. Бірақ ол Богота қаласында туған. Кейінірек іздестіру кезінде бұл ақпараттарды нақты анықтадық», - деп мәлімдеді. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: fc-psg.ru