Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Манчестер Юнайтед» Роналдуды қайтарып алмақ

«Манчестер Юнайтед» Роналдуды қайтарып алмақ

«Манчестер Юнайтед» Роналдуды қайтарып алмақ

Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубы 2015 жылдың жазында мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналдуды өз командасына қайтарып алу үшін әрекет етпек. Бұл туралы британдық The Independent газеті хабарлап отыр.

Португалдық футболшының өзі бұдан бұрын «Олд Траффордқа» қайта оралатыны туралы сыңай білдірген-ді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы уақытта «Реалдың» транферлік саясаты аясында, клуб басшылығы мен Роналду арасында түсініспеушіліктер туындап жатқандығы белгілі болып отыр.

Роналду бұл туралы жақында ғана: «Менің «Реалдың» трансферлігіне байланысты нақты ойым бар. Бірақ мен ойымды әр кезде жария қыла алмаймын», - деген болатын.

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа ойыншысы, Роналдудың ең жақын досы Анхель Ди Мария да бұл ақпаратты растап отыр. Оның айтуы бойынша, Роналду жақын уақытта «Реалдан» кететін көрінеді. «Білмеймін тіпті, Роналду Мадридте енді қанша уақыт төзіп жүреді. Менің ойымша, ол бұл жерде өзін бақытты сезіне алмай жүр», - дейді аргентиналық футболшы.

Естеріңізге сала кетсек, «Қызыл сойқандар» 2009 жылдың маусым айында Роналдуды «Реалға» 80 миллион фунт стерлингке сатқан болатын. Бір жыл өткесін жаңа келісімшарт қаралып, Роналду әлемдегі ең жоғарғы жалақы алатын футболшы атанған-ды. Ол келісімшарт мерзімі 2018 жылдың жазына дейінгі уақытты құрайды. Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында 2003 жылдан 2009 жылға дейін өнер көрсетті. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: fbblog.ru

Қосылған күні: 08 қыркүйек 2014, 17:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->