«Легия» жазасын алды

«Легия» жазасын алды

УЕФА Польшаның «Легия» футбол клубын «Ақтөбеге» қарсы қарымта кездесуде жанкүйерлерінің тәртіпсіздігі үшін жазалады. Енді клуб басшылығы  80 000 еуро айыппұл төлейтін болады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, жерлестерімізге қарсы қарымта ойында жергілікті жанкүйерлер УЕФА-ны шошқаға теңеген сурет пен оған «футбол ешқандай рөл ойнамайды, ақшаның маңызы зор» деген жазу жазып шыққан болатын. Олардың мұндай қадамға баруы шотландиялық «Селтикпен» өткен екі ойынның нәтижесі себепкер болған-ды. Яғни, варшавалық клуб алаңға қатысуға рұқсаты жоқ ойыншыны шығарғаны үшін жазаға тартылған еді. «Легия» кешірімін қабыл алмаған УЕФА мен CAS басшылығына наразы болған жанкүйерлер өз өкініштерін осылай басып тынған-ды.

Владимир Газзаев шәкірттерінен қос кездесуде де басым түскен «Легия» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өткен. Олар  "Металлист" (Украина), "Трабзонспор" (Түркия) және "Локерен" (Бельгия) клубтарымен бір топта өнер көрсететін болады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Депозит ашарда нені білу керек?
Депозит ашарда нені білу керек?
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
Қазақстанда өлім жазасы жойылды