Трансферге ең көп қаржы жұмсаған біріншіліктер

Трансферге ең көп қаржы жұмсаған біріншіліктер

Футболдағы трансфер кезеңі де өз мәресіне жетті. Кей клуб қатарындағы үздік ойыншыларын шығарып салса, кей клуб қатарын үздіктермен толықтырды. Жаңа ойыншылар сатып алу үшін аз шығындалды деп те айта алмаймыз. Немістің Transfermarkt.de сайты жазғы трансфер кезеңінде әр ел біріншіліктерінің жұмсаған қаржысын есептеп шықты.

Жазғы трансфер кезеңінде ең көп қаржы жұмсаған ағылшын премьер-лигасы болып танылды. Командалар жаңа ойыншылар сатып алу үшін 1,03 миллиард еуро қаржы жұмсаған. Екінші орында Испания примерасы орналасса, үштікті Италияның серия «А»-сы қорытындылап отыр.

Ең көп қаржы жұмсаған біріншіліктер ондығы:

1. Ағылшын премьер-лигасы– 1.03 миллиард еуро

2. Испания примерасы – 481.88 миллион еуро

3. Италияның «А» сериясы– 326.37 миллион еуро

4. Неміс бундеслигасы – 283.66 миллион еуро

5. Франция 1-ші лигасы - 134.06 миллион еуро

6. Ағылшын чемпионшипы – 103.13 миллион еуро

7. Португалия біріншілігі – 99.09 миллион еуро

8. Ресей біріншілігі – 73.04 миллион еуро

9. Түркия чемпионаты – 72.34 миллион еуро

10. Катар чемпионаты – 27.10 миллион еуро

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай