Ең қымбат 10 жазғы трансфер

Ең қымбат 10 жазғы трансфер

Ұлыбританиялық танымал басылым Daily Mail биыл жазғы трансферлік ауысымда ең қымбат бағаға сатылған 10 футболшының тізімін жариялады.

Тізім басында «Ливерпульден» «Барселонаға» келген уругвайлық футболшы Луис Суарес тұр. Екінші орын «Монакодан» «Реалға» ауысқан колумбиялық Хамес Родригестің еншісінде. Үздік үштікті аргентиналық Анхель Ди Мария түйіндеп тұр. Ол мадридтік «Реалдан» «Манчестер Юнайтед» командасына ауысқан болатын.

Осы жаздағы ең қымбат 10 трансфер:

1. Луис Суарес ("Ливерпуль" – "Барселона", 81 миллион евро);

2. Хамес Родригес ("Монако" – "Реал", 80 миллион евро);

3. Анхель ди Мария ("Реал" – "Манчестер Юнайтед", 74,95 миллион евро);

4. Давид Луис ("Челси" – "Пари Сен-Жермен", 49,5 миллион евро);

5. Эльяким Мангала ("Порту" – "Манчестер Сити", 40 миллион евро);

6. Диего Коста ("Атлетико" – "Челси", 38 миллион евро);

7. Алексис Санчес ("Барселона" – "Арсенал", 37,8 миллион евро);

8. Люк Шоу ("Саутгемптон" – "Манчестер Юнайтед", 37,5 миллион евро);

9. Андер Эррера ("Атлетик" – "Манчестер Юнайтед", 36 миллион евро);

10. Сеск Фабрегас ("Барселона" – "Челси", 33 миллион евро).

Тағы да қоса кетсек, биылғы трансферлік аусым кезінде англия премьер-лигасы ірі көлемде қаржы жұмсау арқылы жаңа рекорд орнатты. АПЛ осы жазда жаңа ойыншылар үшін 835 миллион фунт қаржы жұмсаған. Олардың өткен жылы жұмсалған қаржысы 630 миллион фунтты құраған болатын.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru

Н. Айдархан