Дель Пьеро үндістандық «Дели Динамос» командасына ауысты

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Дель Пьеро үндістандық «Дели Динамос» командасына ауысты

Италиялық «Ювентус» командасының бұрынғы шабуылшысы Алессандро Дель Пьеро үндістандық «Дели Динамос» командасымен келісімшартқа отырды.

БӨЛІСУ

Отыз тоғыз жастағы футболшы «Дели Динамос» командасымен 4 айлық келісімшартқа қол қойды. Бұл клуб қазан айынан бастап Үндістанның жоғарғы лигасында ойнайтын болады.

«Ювентустың» аңыз ойыншысы австралиялық «Сидней» командасынан кеткеннен кейін клубсыз қалған болатын. Соңғы уақыттарда венгриялық «Гонвед» клубы тарапынан ұсыныстар түсіп, келіссөздер жүргізілген-ді.

Алайда кеше ғана Дель Пьероның үндістандық командаға ауысқаны туралы ақпараттар жарық көрді.

«Мен бүгіннен бастап «Дели Динамос» командасының жаңа ойыншысы әрі Үндістан Суперлигасының жаңа елшісі атанғанымды қуана хабарлағым келеді», - дейді Дель Пьеро.

Үндістанның жаңа маусымы 12 қазаннан бастап жалауын көтереді. Бұл біріншілікте бірнеше танымал ойыншылар доп тебеді. Атап айтқанда: франциялық шабуылшы Давид Трезеге, «Арсенал» клубының бұрынғы ойыншылары Робер Пирес және Фредди Юнгберг, Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы Дэвид Джеймс, «Ливерпуль» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Луис Гарсия, т.б.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: zastavki.com