Роналду - Еуропаның ең үздік футболшысы!

Роналду - Еуропаның ең үздік футболшысы!

2013/2014 жылғы маусымдағы Еуропаның ең үздік ойыншысы болып мадридтік "Реалдың" сұрмергені Криштиану Роналду танылды. 

Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» сұрмергені Криштиану Роналду Еуропаның маусымдағы үздік футболшыларының қатарына төртінші рет енген болатын. Бірақ, бірде-бірінде бұл атаққа қол жеткізе алмаған-ды. Бұл жүлденің беріле бастағанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Атақ ең алғаш 2011 жылы берілген.

Роналдудың 2013/2014 маусымындағы Еуропаның ең үздік ойыншысы жүлдесін жеңіп алуына зор мүмкіндік болған. Әлем чемпионатында ұлттық құрамасымен сәтті өнер көрсете алмаса да, шабуылшы Чемпиондар лигасында маусымын керемет өткізді. Сұрмергендер көшін бастап, доданың бір маусымында ең көп гол соғып үздік болып келген Месси рекордының мұртын бұзды. Ал бұл атаққа Роналдумен қатар, Мануэль Нойер мен Арьен Роббен таласқан-ды. Әйелдер арасында бұл атақ Надин Кесслерге бұйырды.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай