Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады

Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады

2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан барлық командалар белгілі болды. Бүгін Монте-Карлода байрақты бәсекенің жеребе тастау рәсімі өтеді.

УЕФА шешімімен саяси ахуалдарға байланысты ресейлік және украиналық клубтар бір топта өнер көрсетпейді. Жеребе тастау рәсімі Астана уақытымен кешкі сағат 21:45-те басталады. Сонымен қатар, 2013/2014 жылғы маусымдағы Еуропаның ең үздік футболшысы анықталады. Бұл атаққа Криштиану Роналду, Мануэль Нойер және Арьен Роббен үмітті болатын. Топтық кезеңге өткен 32 команда рейтинг көрсеткіштеріне байланысты 4 себетке бөлінген.

Бірінші себет

«Реал» (Испания)

«Барселона» (Испания)

«Атлетико» (Испания)

«Бавария» (Германия)

«Челси» (Англия)

«Арсенал» (Англия)

«Бенфика» (Португалия)

«Порту» (Португалия)

Екінші себет

«Боруссия» (Германия)

«Шальке» (Германия)

«Ювентус» (Италия)

«ПСЖ» (Франция)

«Манчестер Сити» (Англия)

«Шахтер» (Украина)

«Базель» (Швейцария)

«Зенит» (Ресей)

Үшінші себет

«Олимпиакос» (Грекия)

«Ливерпуль» (Англия)

«ЦСКА» (Ресей)

«Аякс» (Нидерланды)

«Спортинг» (Португалия)

«Галатасарай» (Түркия)

«Атлетик» (Испания)

«Байер» (Германия)

Төртінші себет

«Андерлехт» (Бельгия)

«Рома» (Италия)

«Монако» (Франция)

«Андерлехо» (Бельгия)

«Мальме» (Швеция)

 «Лудогорец» (Болгария)

«АПОЭЛ» (Кипр)

«БАТЭ» (Беларусь)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: jevons.ru

Ө. Сансызбай