«Селтик» сүрінді, «Легия» қуанды

«Селтик» сүрінді, «Легия» қуанды

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің бірінші күніндегі қарымта кездесулер аяқталды. Жолы болып бұл кезеңді бағындырған шотландиялық «Селтик» доданың топтық кезеңіне өте алмады.

Еуропа лигасында «Ақтөбенің» қарсыласы атанған варшавалық «Легия» күтпеген жерден «Селтикті» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығарып салған болатын. Өз алаңында қарымта кездесуін өткізген шотландиялық клуб қос кездесу қорытындысында 1:2 есебімен словениялық «Мариборға» есе жіберді. Нәтижесінде Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсті. Мұны қуанышты хабар ретінде қабылдаған польшалық клубтың жанкүйерлері «Селтиктің» командасымен бір топқа түсуін қалайтындықтарын жеткізді. Клуб болса «twitter» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «футбол жеңді» деп жазды. Ал «Ақтөбемен» болатын қарымта кездесу нәтижесін өз пайдаларына толықтай шешіп отыр. Бұл ойын ертең өтеді.

Айта кетейік, шотландиялық «Селтикпен» алғашқы кездесуде «Легия» 4:1 есебімен жеңген болатын. Қарымта ойында да олар екі доп басымдығымен жеңіп тұрған-ды. Польшалық команда бапкерлер қосыны қателігінен кейін қара басып, Еуропа лигасына түскен-ді. 

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші күніндегі қарымта кездесулер нәтижесінде топтық кезеңге өткен 5 команда анықталды. Ал жеңілгендері Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.

«Зенит» (Ресей) – «Стандард» (Бельгия) 3:0 (1:0)

«Селтик» (Шотландия) – «Марибор» (Словения) 0:1 (1:1)

«АПОЭЛЬ» (Кипр) – «Ольборг» (Дания) 4:0 (1:1)

«БАТЭ» (Беларусь) – «Слован» (Словакия) 3:0 (1:1)

«Порту» (Португалия) – «Лилль» (Франция) 2:0 (1:0)

Бүгін тағы да Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен 5 команда анықталады. Кездесулер Астана уақытымен түнгі сағат 00:45-те басталады.

«Арсенал» (Англия) – «Бешикташ» (Түркия) (0:0)

«Атлетик» (Испания) – «Наполи» (Италия) (1:1)

«Байер» (Германия) – «Копенгаген» (Дания) (3:2)

«Лудогорец» (Болгария) – «Стяуа» (Румыния) (0:1)

«Мальме» (Швеция) – «Зальцбург» (Австрия) (1:2)

Жақша ішіндегі бірінші ойындар нәтижесі

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.bigmir.net

Ө. Сансызбай