Маркос Пиззелли «Легияға» қарсы ойнай алады

Маркос Пиззелли «Легияға» қарсы ойнай алады

Кеше «Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Маркос Пиззелли жаттығу кезінде жарақат алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бүгін белгілі болғандай, жанкүйерлер мен команда қуанышына орай  армениялық легионердің жарақаты жеңіл болып шықты.

«Ақтөбе» командасының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, футболшы 28 тамыз күні Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Легияға» қарсы өтетін қарымта кездесуге қатыса алады. Сонымен қатар, Армения ұлттық құрамасының Латвия мен Данияға қарсы кездесулеріне де шақыртылып отыр.

Айта кетейік, Владимир Газзаев шәкірттері ертең Варшаваға жол тартады. Өз алаңында бір доп айырмасымен ұтылып қалған «Ақтөбе» топтық кезеңге өту үшін барын салатын болады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді