Қайрат Нұртас «жұлдызды команда» құрамында доп тебеді

Қайрат Нұртас «жұлдызды команда» құрамында доп тебеді

10 қыркүйек күні Өскеменде еліміздің эстрада жұлдыздары мен Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі қызметкерлері арасында қала күніне орай футболдан жолдастық кездесу өтеді. Ойынға «жұлдызды команда» құрамында Қайрат Нұртас та қатысқалы отыр.

Осыған дейін Қазақстанның эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол командасының құрамындағы ойындарда Қайрат Нұртас қатыспаған болатын. Өскеменде де команданың белді мүшелері өнер көрсетеді. Олардың қатарында Мейрамбек Беспаев, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы, Нұр-Мұқасан, «Rin’Go» және «Mysterions» топтары бар.

Ойын «Восток» командасының стадионында өтеді. Ұйымдастырушылар болса жергілікті командаға маусым бойы жиналған жанкүйерлерден де көп адам жиналады деп мәлімдеуде. Ал ойын болса Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жолдастық кездесу соңы танымал әншілер қатысатын концертке ұласады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:besmart.kz

Ө. Сансызбай