Қазақстан жартылай финалда жеңіліп қалды

Қазақстан жартылай финалда жеңіліп қалды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніндегі волейболдан ерлер арасында IV Азия кубогы және ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы халықаралық турнирдің жартылай финалында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды.

Негізгі құрамын алып келген Оңтүстік Корея құрамасы жерлестерімізді сенімді түрде жеңді. Үш кезеңге созылған ойында қонақтар  17:25, 19:25, 18:25 нәтижелерімен жеңіске жетті. Енді ертең Андрей Патраков жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Иранмен үшінші орынды сарапқа салса, Оңтүстік Корея мен Үндістан құрамасы финалда жолығатын болады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: volley.kz

Ө. Сансызбай