Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Қайрат» әлем футболы «жұлдыздарымен» кездесу өткізеді
«Қайрат» әлем футболы «жұлдыздарымен» кездесу өткізеді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы 60 жылдық мерейтойы қарсаңында әлем футболының «жұлдыздарынан» құралған командаға қарсы жолдастық кездесу өткізбек. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Атаулы мерекесін атап өткелі жатқан команда тарихта қаларлықтай кездесу ұйымдастыруды қолға алды. Алматы қаласының орталық стадионында өтетін ойында «Қайраттың» ардагер ойыншылары мен Әлем құрамасы кездеседі. «Жұлдызды кездесуде» ардагер ойыншылардан қолтаңба алу, естелікке суретке түсу іс-шаралары ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, команда түрлі шоу-концерттер мен жанкүйерлерге күтпеген сыйларын да дайындауда.

«Жұлдыздар кездесуіне» Әлем Кубогы, Чемпиондар Лигасы, құрлықаралық кубоктар мен әлем және Еуропаның үздік футболшысы атағын иеленген ойыншылар қатысады деп күтілуде. Ойын 26 қыркүйекке жоспарланған. Ал командалар құрамы жақын уақытта белгілі болмақ.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:fckairat.kz

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Қосылған күні: 19 тамыз 2014, 21:01