Суарес «Барселона» сапындағы алғашқы ойынына қатысты

О Сансызбай Корреспондент
Суарес «Барселона» сапындағы алғашқы ойынына қатысты

Жаздағы трансфер кезеңінде каталондық «Барселона» командасының қатарын толықтырған Уругвай ұлттық құрамасының шабуылшысы Луис Суарес жаңа командасының сапындағы ресми емес бірінші кездесуіне шықты. Мексикалық «Леон» клубымен Жоан Гампер кубогын сарапқа салған Луис Энрике шәкірттері 6:0 есебімен жеңіске жетті. 27 жастағы футболшы алаңға 76 минутта кірді. Ал ойында Месси мен Сандро Рамирес бір-бір голдан еншілеріне жазса, Неймар мен Мунир Эль-Хаддади дубль авторлары атанды.

БӨЛІСУ

Естеріңізге сала кетсек, Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік ететін сот (CAS) каталондық «Барселона» шабуылшысы Луис Суарестің жазасын толықтай кешірмеген еді. Тек командаластарымен бірге жаттығу жасауға, жолдастық кездесулерге қатысу мен жарнама жұмыстарына араласуға рұқсат берген-ді.


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:goal.net.ua