Қазақстан құрамасы Азия кубогын сәтсіз бастады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы Азия кубогын сәтсіз бастады

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніндегі волейболдан ерлер арасында IV Азия кубогы және ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы халықаралық турнирді Қазақстан құрамасы жеңіліспен бастады.

БӨЛІСУ

Бірінші жарыс күнінің соңғы ойынында Үнді елінен келген волейболшылармен сынға түскен жерлестеріміз үш кезеңде де қарсыластарына есе жіберіп алды. Бірінші кезең басында қарсыластарымен терезесі тең өнер көрсетіп келе жатып, соңғы сәттерде қателіктерге бой алдырып 23:25 нәтижесімен қонақтарды алға шығарды. Ал екінші және үшінші кезеңдерде Үнді елінің құрамасы айқын басымдығын танытып кетті. Андрей Патраков шәкірттері қарсыластарына қарсы амал-айла пайдалана алмады. Енді бүгін жерлестеріміз Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. 

Бірінші күн ойындары нәтижесі:

Иран – Таиланд 3:2 (23:25, 25:16, 20:25, 25:19, 18:16).

Қытай – Аустралия 3:0 (25:21, 25:23, 25:21)

Оңтүстік Корея – Жапония 3:1. (25:19, 26:28, 25:11, 25:17).

Бүгінгі кездесулер кестесі

11:00. Аустралия – Таиланд

14:00. Жапония – Үндістан

16:00. Қытай – Иран

18:00. Қазақстан – Оңтүстік Корея

Кездесулерді «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар. Ал ойындарға кіру тегін.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: volley.kz