Головкин Марк Антонио Рубиомен жұдырықтасуы мүмкін

Головкин Марк Антонио Рубиомен жұдырықтасуы мүмкін

Кәсіпқой бокстың аренасында ел намысын қорғап жүрген жерлесіміз Геннадий Головкин келесі кездесуін 18 қазан күні мексикалық Марк Антонио Рубиоға қарсы өткізуі мүмкін. Бұл туралы батыстық басылымдар хабарлауда.


Мексикалық боксшы қазіргі таңда орта салмақта WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің уақытша иегері саналады. Соңғы кездесуін сәуір айында италиялық Доменико Спадаға қарсы өткізіп, мезгілінен бұрын жеңіске жеткен. 34 жастағы боксшы 2000 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. Осы аралықта 62 жекпе-жек өткізіп, 55-інде жеңіске жеткен. 6 кездесуінде жеңіліс тапса, 1 жұдырықтасуын тең аяқтапты. 55 жеңісінің 48-інде қарсыласын нокаутқа жіберген.

Негізінен Геннадий Головкин мен Марк Антонио Рубио арасындағы жекпе-жек 2010 жылдан бері айтылып келеді. Бәлкім, осы жолы қос қарсылас рингте кездесер. Мұны мексикалық боксшының twitter-дегі жеке парақшасындағы жазбасынан да аңғаруға болады. 

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай