GGG «Жыл боксшысы» атағына үміткерлер қатарына енді

GGG «Жыл боксшысы» атағына үміткерлер қатарына енді

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин Bleacherreport.com порталы жариялаған  "2014 жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлер қатарынан табылды, – деп хабарлайды vesti.kz

Америкалық басылым «Жыл боксшысына» үміткер жеті боксшының есімдерін атаған. Бұл қатарда жерлесіміз төртінші орында тұр. Осы жылға GGG төрт кездесу өткізуді жоспарлаған болатын. Оның екеуін айқын жеңіспен аяқтады. 1 ақпан күні Монаконың Монте-Карло қаласында Осуману Адаманы жеңсе, 27 шілде күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында австралиялық Дэниель Гилді тізерлеткен-ді. Енді келесі кездесуін Головкин 18 қазанда өткізетін болды. Бірақ, қазақстандық боксшының қарсыласы әлі де анықталған жоқ.

«Жыл боксшысына» үміткерлердің көшін америкалық Теренс Кроуфорд бастап тұр. Екінші және үшінші орындарға мексикалық Сауль Альварес пен пуэрторикалық Мигель Котто жайғасқан. Бесінші орында америкалық жерлесіміз Бейбіт Шүменовті жеңген Бернард Хопкинс орналасыпты. Алтыншы сатыда ресейлік Сергей Ковалев тұрса, жетінші орынға канадалық боксшы Бермейн Стиверн ілігіпті.

Басылым ақпараты бойынша, Геннадий Головкин пуэрторикалық Мигель Котто немесе америкалық Андре Уордтың бірін жеңсе, бұл атақты сөзсіз иеленбек.

Естеріңізге сала кетсек, тамыз айының басында Геннадий Головкин World Boxing News тағайындаған "2013 жылдың боксшысы" деген атаққа ие болған еді. Отандасымыз WBN порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 74% дауыс жинаған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай