CAS Суареске командасымен жаттығуға рұқсат берді

CAS Суареске командасымен жаттығуға рұқсат берді

Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік ететін сот каталондық «Барселона» шабуылшысы Луис Суарестің жазасын толықтай кешірмеді. Тек командаластарымен бірге жаттығу жасауға, жолдастық кездесулерге қатысуға және жарнама жұмыстарына араласуға рұқсат берді.

Бүгін футболшы «блауграна» сапындағы алғашқы оқу-жаттығуларына қатысады. Ал алғашқы ресми емес кездесуін дүйсенбі күні өткізіп қалуы да мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия жерінде өткен әлем чемпионатындағы өрескел қылығы үшін футболшы төрт айға футболға қатысты кез келген іс-шарадан, одан қалды әкімшілік жұмыстардан да шеттетілген-ді. Жаза уақыты 25 қазан күні аяқталады. Ал арада бір күн өткеннен кейін «Эль-классико» кездесуі күтіп тұр. Тағы бір айта кетерлігі, Луис Суарес 2010 жылдан бері әртүрлі жазалардың жиынтығын қосқанда 34 матчқа қатыспаған.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballhd.ru

Ө. Сансызбай