16 тамыз Алматыда спорт күні аталып өтеді

16 тамыз Алматыда спорт күні аталып өтеді

2003 жылдан бері тамыз айының үшінші сенбісінде Алматыда дәстүрлі түрде спорт күні аталып өтіліп келеді. Биыл бұл атаулы күн 16 тамызға сәйкес келіп отыр.

Алматы қаласының әкімшілігі мен «Универсиада Алматы-2017 атқарушы дирекциясы» ұйымдастырушылары спорт күніне орай түрлі спорттық шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шара Республика сарайы алдындағы алаңқайда таңғы сағат 09:30-да сергіту жаттығуларымен басталады. Спорт мерекесі бұдан өзге 7 алаңда жалғасын табатын болады. Тұңғыш рет «Медеу» биік таулы спорт кешені мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайында да өткелі отыр. Мұндағы іс-шаралар веложарыстан басталады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Ал спорт кешенінің өзінде келушілер арасында футболдан, баскетболдан, волейболдан, стритболдан жарыстар өтеді. Сонымен қатар, велосипедтер мен скейтбордтар жалға берілетін болады. Спорт күні тағы да алматылықтар ұлттық ойындар қазақ күресі, асық ату, қол күресі, стритбол мен гір тасын көтеру секілді спорттардан және үстел теннисінен сайысқа түседі. Ал кішкентай балалар үшін «арқан тартыс» және «бұқа тартыс» бойынша сайыстар ұйымдастырылатын болады.

Алматыдағы спорт күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараға 8 000-дай қатысушы келеді деп күтілуде. Сайыстарда жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: today.kz

Ө. Сансызбай