Рибери ұлттық құрамадағы спорттық мансабын аяқтады

Рибери ұлттық құрамадағы спорттық мансабын аяқтады

Мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушысы Франк Рибери ұлттық құрамадағы спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы футболшының өзі Германия Суперкубогының финалы алдында мәлімдеді.

- Мен ұлттық құрамадан кеттім. Бұл уақыттың да бір күні келерін білгенмін. Ал кетуіме өзім себепкермін. Өйткені, отбасым мен «Баварияның» алдағы мақсаттарына қол созғым келеді. Тағы бір алға қадам басуға уақыт келген секілді. Менің спорттық мансабымның шарықтаған да, құлдыраған да тұстары болды. Енді өмірімнің жаңа парағын ашуға уақыт келді, - деді футболшы.

36 жастағы Франк Рибери Франция ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы кездесуін 2006 жылы 27 мамырда Мексика құрамасына қарсы өткізген. Содан бері 81 кездесуге қатысқан хавбек 16 гол соққан екен. Бразилияда өткен әлем чемпионатына жарақатына байланысты жолы түспеген еді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Стивен Джераррд пен Мирослав Клозе де ұлттық құрамаларындағы спорттық мансаптарына нүкте қойған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай