Клозе ұлттық құрамамен қоштасты

Клозе ұлттық құрамамен қоштасты

Әлем чемпионатының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанған Мирослав Клозе Германия ұлттық құрамасындағы спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Германия футбол одағының ресми сайты хабарлап отыр.

36 жастағы шабуылшы неміс құрамасының жейдесін киіп алаңға 137 рет шыққан. 71 рет қарсылас дәл көздеген. Оның 16-сын әлем чемпионаты ойындарында соғып, рекордты өз еншісіне жазып отыр.

- Әлем чемпионатын жеңіп алу менің бала күнгі арманым еді. Неміс футболы тарихындағы осындай ірі жетістікке қол жеткізгеніме мақтанамын. Германия ұлттыққ құрамасы сапында ең есте қалар спорттық мансабымды өткіздім. Ол үшін мен бақыттымын, - деді футболшы.

Естеріңізге сала кетсек, Мирослав Клозе 2014/2015 жылғы футбол маусымы мәресіне жетісімен, спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлаған еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:vk.com

Ө. Сансызбай