«Селтиктің» жолы болып кетті

О Сансызбай Корреспондент
«Селтиктің» жолы болып кетті

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легия» командасымен жолы түйіскен «Селтик» қос кездесуде де қарсыластарына ұтылып қалған болатын. Бірақ, өз алаңындағы қарымта кездесуде поляктар қатарынан алаңға шығуға рұқсаты жоқ футболшының шыққанын ескертіп УЕФА-ға шағым түсірген еді.

БӨЛІСУ

Жаңа ғана УЕФА басшылығы «Селтикті» техникалық есеппен жеңіске жеткенін хабарлап, плей-офф кезеңіне шығарды. Ал «Легия» болса Еуропа лигасының плей-офф ойындарына түсіп қалды. Мұндай жағдай кеше төреші қосқан қосымша уақытта орын алды. Польшалық ұжым бапкерлері алаңға шығуға рұқсаты жоқ Бартош Берешиньскийді ойынға қосқан. Өз кезегінде мұны шотландиялық клуб басшылығы назардан тыс қалдырмаған екен.

Екі клуб арасындағы алғашқы кездесуде «Легия» 4:1 есебімен жеңген болатын. Кешегі ойында да олар екі доп басымдығымен жеңіп тұрған-ды. Бапкерлер қосыны қателігінен кейін қара басып, Еуропа лигасына түсті. Кей ақпарат көздері мұны әдейі жасалған шешім ретінде бағалап отыр. Өйткені, бапкерлердің келесі ойынға қатысуға мүмкіндігі жоқ ойыншыларды ескермеуін мүмкін емесін баса жазуда.

Естеріңізге сала кетсек, шотландиялық «Селтик» өткен маусымда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтерды» жарыс жолынан шығарған болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:bookmakersrating.ru