Ховард Уэбб қазылық мансабын аяқтады

Ховард Уэбб қазылық мансабын аяқтады

Танымал ағылшын төрешісі Ховард Уэбб қазылық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ағылшын премьер-лигасының ресми сайты хабарлап отыр.

25 жыл бойы ойындарға қазылық жасаған Ховард Уэбб Англия кәсіби төрешілер кеңесінің қарамағындағы төрешілер комитетінде техникалық директор болып қызмет атқаратын болды. Ол өзінің қызмет жолында премьер-лига, Еуропа чемпионаты мен әлем чемпионатында 500-ден астам ойындардың бас қазысы болып алаңға шыққан. 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионаты финалы мен Чемпиондар лигасының финалындағы шешуші ойындарды осы төреші жүргізген болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: premierleague.com

Ө. Сансызбай