Дэниэл Гил: "Мен сәл ғана босаңдық таныттым"

Дэниэл Гил: "Мен сәл ғана босаңдық таныттым"

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкинмен болған бүгінгі кездесуде жеңіліс тапқан орта салмақтағы бұрынғы Әлем чемпионы, 33 жастағы аустралиялық боксшы Дэниэл Гил өз жеңілісі туралы пікір білдірді.

Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы кездесу бүгін таңда  Нью-Йорктегі 20 мың көрермендік  «Madison Square Garden» спорт кешеніне өткен болатын. Отандасымыз аустралиялық боксшыны үшінші раундта нокаутқа жіберіп, мезгілінен бұрын жеңіске жеткен еді. Гилдің айтуы бойынша, қазақстандық боксшы өте тез қимылдауы себепті, ешқандай қарсылық көрсетіп үлгере алмаған.

 «Головкин өте тез қимылдады. Мен оның қақпанына түсіп қалдым. Өзіме өзім қатты өкпелімін. Бәрі де өте тез болды. Егер сен сәл ғана босаңдық танытсаң, бұндай жағдайға тап боласың деп ойлаймын», - дейді Гил.

Дэниэл Гил бүгінгі жеңілісін қоса есептегенде өз мансабында үшінші рет сәтсіздікке ұшырап отыр. Ол бұған дейін 33 кездесу өткізген болатын.

Ал,  Геннадий Головкин Дэниэл Гилден басым түсіп, кәсіпқой бокстағы 30-шы жеңісін тойлады. Оның 17-шісін уақытынан бұрын аяқтап отыр. 27 рет қарсыластарын нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы ең көп бұл жетістікті бағындырған боксшы атанды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Н. Айдархан