GGG кезекті қарсыластарына құлаққағыс жасады

GGG кезекті қарсыластарына құлаққағыс жасады

Кәсіпқой бокстағы 30-шы кездесуінде аустралиялық Дэниэл Гилді тізе бүктірген Геннадий Головкин жекпе-жек соңынан америкалық WBO чемпионы Питер Куиллин мен WBC чемпионы атағы бар пуэрто-рикалық Мигель Коттоны келесі қарсыласы атануға шақырды.

GGG «Madison Square Garden» кешеніндегі кезекті жеңісінен кейін орта салмақтағы барлық тұжырым чемпионы атағын иеленгісі келетінін жеткізді.

Менің Котто және Куиллинмен жекпе-жек өткізгім келеді. Жігіттер, маған хабарласыңыздар. Мен дайынмын. Бірақ, бірінші кезекте Мигель Коттомен жұдырықтасқым келеді, - деді.

Айта кетсек, Геннадий Головкин Дэниэл Гилді еш қиналмастан жеңіп, кәсіпқой бокстағы 30-шы жеңісін тойлады. Оның 17-шісін уақытынан бұрын аяқтап отыр. 27 рет қарсыластарын нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы ең көп бұл жетістікті бағындырған боксшы атанды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: AFP

Ө. Сансызбай