Дрогба «Челсиға» қайта оралды

О Сансызбай Корреспондент
Дрогба «Челсиға» қайта оралды

Лондондық «Челсиді» ірі жетістіктерге жетелеп, кейіннен клуб алмастырған Дидье Дрогба «ақсүйектер» қатарына қайта қосылды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Өз кезегінде ивуарлық шабуылшы өзі өнер көрсеткен клубқа қайта оралғанына қуанышты екенін жасырмады. Өйткені, шабуылшы команда сапында ойнап жүргенде үш рет Англия чемпионы, төрт рет Англия кубогын иеленді. Сонымен қатар, Еуропадағы мәртебелі бәсеке Чемпиондар лигасының да шыңын бағындырған. Сұрмерген клубпен біржылдық келісімшартқа қол қойды. 

- Бұл өте оңай шешім болды. Жозе Моуриньоның ұсынысынан бас тарта алмадым. Мен «Челсимен» ерекше қарым-қатынастамын. Мұнда өзімді үйімде жүргендей сезінемін – деді Дрогба.

Тағы бір айта кететіні, осыған дейін португалдық бапкер Дидье Дрогбаға жаттықтырушылық та қызмет ұсынатынын жасырмаған-ды.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru