Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 3 саты төмендеді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 3 саты төмендеді

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы үш саты төмендеп, 127-ші орынға табан тіреді.

Германия - жаңа көшбасшы!


Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде өзгерістер орын алды. Осы уақытқа көш тізгінін бермей келген Испания құрамасы 8-ші орынға бір-ақ сырғыды. Көш басын әлем чемпионы атанған Германия құрамасы иеленді. Екінші орын Аргентина құрамасына тиесілі болса, үшінші орынды 12 саты жоғарылаған Нидерланды құрамасы еншіледі. Колумбия 4 саты, Бельгия 6 саты, Уругвай құрамасы 1 орын алға жылжыған. Ал алғашқы ондықты 7 орын алға озған Франция құрамасы қорытындылап отыр.  

Ең төменгі нәтижені Сальвадор ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 53 саты төмендеп, 121-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Теркс және Кайкос аралдары құрамасы еншіледі. Олар бірден 26 саты жоғарылап, 181-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Венесуэла, Ирак және Свазиленд ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Ал Қазақстан құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінің топтық кезеңіндегі қарсыластар көрсеткіші төмендегідей:

3 (15). Нидерланды

35.(34) Чехия

32.(35) Түркия

47.(52) Исландия

103.(109) Латвия

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (2). Германия - 1724 ұпай,
2 (5). Аргентина - 1606,
3 (15). Нидерланды - 1496,
4 (8). Колумбия - 1492,
5 (11). Бельгия - 1401,
6 (7). Уругвай - 1330,
7 (3). Бразилия - 1241,
8 (1). Испания - 1229,
9 (6). Швейцария - 1216,
10 (17). Франция - 1202

Жақша ішіндегі сан өткен айдағы рейтинг көрсеткіші

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportinfo.kz

Ө. Сансызбай