Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Ақтөбе» Тбилисиде «Динамоны» жеңді (видео)

«Ақтөбе» Тбилисиде «Динамоны» жеңді (видео)

«Ақтөбе» Тбилисиде «Динамоны» жеңді (видео)

Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастаған «Ақтөбе» жаңа ғана түзде тбилисилік «Динамомен» кездесіп,  1:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы минуттардан алаң иелері басымдығын танытуға ұмтылған-ды. Бірақ, уақыт өте келе Владимир Газзаев шәкірттері ойынды өз қолына ала бастады. «Динамолық» ойыншылардың бірнеше қателігін нәтижеге айналдырып кетуге Данило Неко мен Антонов та мүмкіндік болды. Өз кезегінде стандарттық жағдайлардан алаң иелері де есеп ашуға ұмтылды. Бір-бірінің айып алаңына енуге асыққан командалар қателіктерін күтумен бірінші тайм аяқталды.

Екінші таймды да алаң иелері басымдыққа ұмтылумен бастады. Бірақ, жүйелі ойынымен көзге түскен «Ақтөбе» 50-ші минутта есеп аша білді. Данило Неконың баспен бағыттаған соққысы «Динамо» қақпасының төрінде тулады. Бір доп басымдығына ие болған жерлестеріміз ойынды толықтай өз қолына ала білді. Араға 5 минуттай уақыт сала ақтөбелік клубтың армениялық легионері Роберт Арзуманян есепті еселеуге мүмкіндігі болды. Бірақ, пайдалана алмады. 70 минутта қазақстандық клуб қорғаушыларының қателігінен кейін тбилисиліктердің таразы басын теңестіретін сәт туды. Бұл қарбаласта Андрей Сидельников қырағылығымен көзге түсті. Осы бір сәттен кейін «Динамо» намысқа тырысып бақты. Қорғанысты басты назарға ала ойнаған қазақстандық клубқа поляк төрешісі сары қағазды да аямады. Негізгі уақытқа қосылған қосымша уақытта екі клуб қақпасының алдында да қауіпті сәттер орын алды. Бірақ екі клуб та таблодағы нәтижені өзгерте алмады. Нәтижесінде футбол мамандары мен букмекерлік орталықтар фаворит санаған «Динамодан» «Ақтөбе» басым түсті. Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!


Қарымта кездесу 23 шілде күні Ақтөбеде өтеді.

Кездесудегі статистика

Доп ұстау басымдығы: 47% — 53%
Қақпаға соққы:
 
18 — 7
Қақпаға дәл соққы: 
10 — 3
Ойын ережесін бұзу:
 
19 — 18
Офсайдтар:
 2 — 4
Бұрыштама добы:
 
6 — 4
Сары қағаз:
 1 — 4
Ойыншы алмасулар: 
3 — 3. 

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Қосылған күні: 17 шілде 2014, 09:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->