Кейлор Навас – "Реал" тарихындағы бірінші Коста-Рика ойыншысы

Кейлор Навас – "Реал" тарихындағы бірінші Коста-Рика ойыншысы

«Леванте» мен Коста-Рика құрамасының қақпашысы Кейлор Навас мадридтік "Реалмен" келісімшартқа отырды.

Жиырма жеті жастағы бағана күзетшісінің ауысымы 10 миллион еуроны құраған. Келешекте клубтан кетуі әбден мүмкін Диего Лопестің орнын баспақ. 

Бразилияда өткен Әлем Чемпионатында қақпашы өз құрамасымен ширек финалға дейін жетіп, шешуші сында нидерландықтарға жеңілген болатын. 

Бір айта кетерлігі, Навас мадридтік клуб тарихындағы бірінші коста-рикалық ойыншы екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай 

Сурет: news.sportbox.ru

Ө. Сансызбай