Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Бүгін «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының іріктеуін бастайды

Бүгін «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының іріктеуін бастайды

Бүгін «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының іріктеуін бастайды

Өткен маусымда ел чемпионы атанған «Ақтөбе» футбол клубы бүгін Еуропаға жорығын бастайды. Екінші іріктеу кезеңінен доданы жалғастыратын жерлестеріміз түзде тбилисилік «Динамомен» кездеседі.

Ел премьер-лигасының соңғы ойындарында сүреңсіз өнер көрсеткен «Ақтөбе» жақында ғана бас бапкерін ауыстырған еді. Клуб тізгінін ұстаған Владимир Газзаев футболшылардың жоғарғы деңгейде өнер көрсететініне сенім білдірді.

Кездесудегі бас қазы қызметін Польшадан келген төрешілер жұбы атқарады. Павл Рачковскиге жасыл алаң жиегінде Павел Сокольницки мен Михал Обукович көмектессе, төртінші қазы жұмысын Томаш Квятковски жүргізеді.

Танымал футбол мамандары мен букмекерлік орталықтар «Ақтөбенің» сырт алаңдағы жеңіске жету мүмкіндігіне күмәнмен қарауда. Қазақстандық клубтың қорғаныста, ал алаң иелерінің шабуылда ойнайтынын алға тартып отыр. Ресейлік маман аз уақыт ішінде футболшылардың мүмкіндігін толықтай саралап үлгермесе де, тәжірбиесіне үміт артары анық. Дәл осы ойын жүйесі орын алған күннің өзінде «Ақтөбе» қарымта шабуылдағы мүмкіндіктерін мүлт жібермеуі тиіс. Ел намысын қорғайтын клубқа сәттілік пен жеңіс тілейміз!

 

«Ақтөбе» командасының Чемпиондар лигасындағы құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Станислав Павлов, Алмат Бекбаев, Андрей Сидельников;

Қорғаушылар: Алексей Мулдаров, Петр Бадло, Роберт Примус, Роберт Арзуманян, Юрий Логвиненко, Андерсон Минейро;

Жартылай қорғаушылар: Тарас Царикаев, Маркос Пиззелли, Марат Хайруллин, Асхат Тағыберген, Павел Шабалин, Евгений Левин, Валерий Коробкин, Дидар Жалмұқан, Тимур Кападзе;

Шабуылшылар: Данило Неко, Игорь Зенькович, Алексей Антонов, Абат Айымбетов.

 

Кездесу Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. Ойынды «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар. Қарымта кездесу 23 шілде күні Ақтөбеде өтеді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Қосылған күні: 16 шілде 2014, 13:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->