Ел кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

Ел кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

Футболдан ел кубогының жартылай финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Еурокубок додаларында ел намысын қорғап жүрген клубтар өздерінің қарсыластарын анықтады. Жеребе қорытындысында алматылық "Қайрат" қарағандылық "Шахтермен" кездессе, "Ақтөбе" "Астанамен" финалдық жолдаманы сарапқа салатын болды. Алғашқы кездесулер 16 тамыз күні, ал қарымта ойындар 24-25 қыркүйек күндері өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда ел кубогын қарағандылық «Шахтер» жеңіп алған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай