«Барселона» Луис Суареске тістеуге тыйым салды

Жолдас Өрісбай Корреспондент
«Барселона» Луис Суареске тістеуге тыйым салды

Барселонаның жаңа ойыншысы атанған Луис Суарес тістеуге тыйым салынған келісімшартқа қол қойды. Егер ол өз еркінен шығып, қарсы команданың ойыншысын тістеп алатын болса, клубқа әжептәуір айыппұл төлейтін болады.

БӨЛІСУ

Естеріңізге сала кетейік, Ливерпульдің бұрыңғы шабуылшысы жазғы трансфер бойынша каталондық Барселона клубымен 5 жылға келісімге отырған болатын. Суарес Ливерпульде 2010 жылдан бері өнер көрсетіп, барлығы 133 ойында 82 гол салған. Шетелдік баспасөздің ақпаратына сүйенер болсақ, Луис Суарестің трансфері Испания чемпионаты үшін 75 миллион еуроға түсіпті.

Луис Суарес алдағы төрт айға алаңнан шеттетілгенінің себебі бойынша аты әлемге танылған болатын. Суарес ФИФА-дан «Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллини тістегені үшін» осындай жаза алды. Содан кейін айқындалғандай, Луис осыған дейін өзінің сегіз қарсыласын тістеген екен. Дегенмен, олар алдын жария болмаған болып жетті.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.fcbarcelona.com