«Шахтер» «Ширакты» ірі есеппен ұтты

«Шахтер» «Ширакты» ірі есеппен ұтты

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде армениялық «Ширакпен» жолы түйіскен қарағандылық «Шахтер» қос кездесу қорытындысы бойынша 6:1  есебімен келесі кезеңге сүрінбей өтті.

Өткен маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде ел намысын қорғаған «кеншілер» ұжымы жаңа ғана аяқталған «Ширакпен» қарымта кездесуде төрт доп басымдығымен жеңіске жетті. 12 минутта Андрей Финонченко есеп ашса, 29 минутта Ұлан Қонысбаевтың баспен бағыттаған соққысы қақпа төрінен табылды. «Шахтер» бұл нәтижемен тоқтап қалмай, есепті еселей түсті. Бұрыштама добынан басталған шабуылды қарағандылық клубтың жаңа ойыншысы Никола Покривач голмен аяқтады. Екінші таймда да Виктор Кумыков шәкірттері белсене білді. 49 минутта Андрей Финонченко дубль авторы атанды. 

Кездесу статистикасы:

Доп ұстау басымдығы: 39% — 61%
Қақпаға соққы: 14 — 15
Қақпаға дәл соққы: 7 — 4
Ойын ережесін бұзу: 15 — 11
Офсайдтар: 3 — 0
Бұрыштама добы: 4 — 5
Сары қағаз: 1 — 3
Ойыншы алмасу: 3 — 3.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.com

Ө. Сансызбай