Суарес есімі жазылған «Барса» жейделері сатыла бастады

Суарес есімі жазылған «Барса» жейделері сатыла бастады

Каталонияда уругвайлық шабуылшы Луис Суарес есімі жазылған жейделер сатыла бастады. Ал осыған дейін «Ливерпуль» сапында өнер көрсетіп келген шабуылшы клуб қатарын ресми түрде толықтырған жоқ.

Танымал клубтардың қаржы қорына түсетін ақшаның бір көзі – жейделерінің (форма) сатылымы екені белгілі. Сатылымға шыққан Суарес жейделеріне «9» нөмірі бейнеленіпті. Осыған дейін бұл нөмірмен клуб сапындағы чилилік футболшы Алексис Санчес өнер көрсетіп келген болатын. Әлем чемпионатында үздік ойынымен көзге түскен шабуылшы осы маусымда өзге клубқа ауысуы бек мүмкін. Сонықтан да «9» нөмірі Суареске тиесілі болады деп күтілуде. Ал «мундиальда» Джорджо Кьелиниді тістеп алған шабуылшыны ФИФА жазалған болатын. Каталондық клуб басшылығы футболшының  бұл қылығы үшін бас тартып отырған жоқ. Осыған дейін мәлімдегендей, «Ливерпульге» 96 миллион еуро ұсынуға дайын. Сонымен қатар, клуб сапына келсе футболшы жылына 8 миллион еуро жалақы алады деген де ақпараттар тараған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: goal.net.ua

Ө. Сансызбай