HBO телеарнасындағы Головкиннің кезекті таныстырылымы

HBO телеарнасындағы Головкиннің кезекті таныстырылымы

HBO телеарнасы Головкин-Гил кездесуіне үш апта уақыт қалғанда көрермендеріне қазақстандық боксшыны кезекті мәрте таныстырып, бейнеролик түсіріпті.

Бокс әлеміндегі белді комментаторлар Джим Лэмпли мен Макс Келлерман (екеуі де HBO арнасынан) Геннадий (GGG) Головкин жөнінде өз ойларымен бөліседі.

Естеріңізге салар болсақ, кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңіліс таппаған жерлесіміз (29-0-0, 26 КО) 26 шілде күні Нью-Йорктің Madison Square Garden кешенінде аустралиялық Дэниэл Гилге қарсы чемпиондық атақтарын қорғау үшін 30-шы жекпе-жегіне шығады. Гил болса, 31 кездесу өткізіп, оның 29-ын жеңіспен аяқтаса (15 КО), екеуінде жеңіліс тапқан.

Бүгін тараған ақпаратқа сенер болсақ, қазіргі кезде Головкин-Гил арасындағы орта салмақтағы чемпиондық кездесуге арнап сатылып жатқан билеттердің 2000 данасы ғана қалған екен. Алда әлі бір айға жуық уақыт бар екенін ескеретін болсақ, қалған билеттердің барлығы жекпе-жек болатын күнге дейін сатылып кететініне еш күмән жоқ. Айта кетейік, кіру құны орындардың ретінде қарай 65-2500 доллар (11 000-458 000 теңге) аралығын құрайды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ringtv.craveonline.com

Б. Қосмағамбет