"Қайраттың" құрамы испан ойыншысымен толықты

"Қайраттың" құрамы испан ойыншысымен толықты

Испан жартылай қорғаушы Сито Риера алматылық "Қайраттың" жейдесін киді.

Жиырма жеті жастағы испан ойыншысы алматылық клубпен 3,5 жылға келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Сито Риера осы жылдың наурыз айында Одессадағы тұрақсыздыққа байланысты "Черноморец" клубмен қош айтысқан.

Риера "Барселонаның" тәлімгері саналады, алайда "Берселона-Б" клубынан жоғары асып бара алмаған. Жартылай қорғаушы осыған дейін "Эспаньол", гректің "Пантракикос", "Паниониос" клубтары сапында тер төгіп келіпті. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: football.ua

Л. Лига