Дрогба "Ювентуспен" 2 жылдық келісімшартқа отырды

Дрогба "Ювентуспен" 2 жылдық келісімшартқа отырды

Түріктің "Галатасарай" командасының шабуылшысы Дидье Дрогба "Ювентуске" өтуге келісім берді. 

Кот-д'Ивуар құрамасының футболшысы туриндік клубпен екі жылдық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Tuttosport. 

Отыз алты жастағы ивуарлықтың "Галатасараймен" арадағы келісімі 30 маусым күні аяқталады екен. 

Хабарланғандай, "Ювентус" сапында ол 4,5 миллион еуро көлемінде жалақы алып тұрмақшы. Әлем Чемпионаты аяқталысымен екі жақ келісімге қол қоймақ.

Ертең таңда Әлем Чемпионатында Кот-д'Ивуар құрамасы Жапония елімен күш сынаспақшы. Аталған ойынды Астана уақытымен сағат 07:00-де тамашалай аласыздар. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: tuttosport.com

Ө. Сансызбай