Алексис Санчес "Ювентусқа" ауыспақ

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Алексис Санчес "Ювентусқа" ауыспақ

Туриндік "Ювентус" клубы Чили құрамасының және каталондық "Барселонаның" шабуылшысы Алексис Санчеспен келісімшартқа отыруды көздеп отыр. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" ақпараттық агенттігі хабарлап отыр. 

БӨЛІСУ

"Ювентус" басшылығы жиырма бес жастағы футболшыға төрт жылдық келісімшарт ұсынып отыр. Алексис Санчес әр маусым үшін 4,1 миллион евро көлемінде қаржы алатын болады. "Ювентус" басшылығы Санчес үшін 18 миллион евро төлеуге дайын екендіктерін жеткізді. 

Чили құрамасының үздік ойыншысы Алексис Санчес 2013/14 футбол маусымында Испания біріншілігінде 34 ойында 19 гол соғып, нәтжелі 12 пас берген.

"Барселона" клубы Санчесті 2011 жылдың 21 шілдесінде "Удинезе" командасынан 26 миллион евроға сатып алған болатын. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: footballhd.ru