Қазақстан ФИФА рейтингінде 6 саты төмендеді

Шерхан Талап Корреспондент
Қазақстан ФИФА рейтингінде 6 саты төмендеді

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы алты саты төмендеп, 124-ші орынға табан тіреді.

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде өзгерістер орын алды. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Йохам Лев жаттықтыратын Германия құрамасы екінші орыннан қозғалмады. Үштікті бір саты жоғарылаған Бразилия құрамасы қорытындылап тұр. Швейцария мен Аргентина екі саты жоғарыласа, ағылшындар ондыққа енді. Есесіне Колумбия, Португалия және Уругвай көрсеткіштері төмендеді.

Ең төменгі нәтижені Сауд Арабия ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 15 саты төмендеп, 90-шы орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Палестина құрамасы еншіледі. Олар бірден 71 саты жоғарылап, 94-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Аруба, Гвинея-Бисау мен Жаңа Зеландия ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 7 маусым күні Қазақстан құрамасы түзде Венгрия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Мажарлар елі жаңа рейтингте 2 саты төмендеп, 47-ші орынға жайғасыпты. Қазіргі таңда екі құрама да дайындықтарын пысықтап үлгерді. Бүгін құрамамыздың бас бапкері Юрий Красножан жігіттердің жеңіс үшін ойнайтынын жеткізді. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз! Будапешт қаласында өтетін кездесуді Астана уақытымен түнгі сағат 00:30-да «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар. 

Ал Қазақстан құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінің топтық кезеңіндегі қарсыластар көрсеткіші төмендегідей:

БӨЛІСУ

15.(15) Нидерланды
34.(36) Чехия
35.(39) Түркия
52.(58) Исландия
109. Латвия

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Испания — 1485 ұпай,
2 (2). Германия — 1300,
3 (4). Бразилия — 1242,
4 (3). Португалия — 1189,
5 (7). Аргентина — 1175,
6 (8). Швейцария — 1149,
7 (6). Уругвай — 1147,
8 (5). Колумбия — 1137,
9 (9). Италия — 1104,
10 (11). Англия — 1090

Жақша ішіндегі сан өткен айдағы рейтинг көрсеткіші

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: vesti.kz