Зарина Диас Ноттингемде өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Зарина Диас Ноттингемде өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ITF сериялы теннис турнирінің екінші кезеңіне өтті.

БӨЛІСУ

Жиырма жастағы қазақ қызы бірінші кезеңде австралиялық теннисші Оливия Роговскадан 6:2, 3:6, 6:0 есебімен басым түсті. Зарина бүгінде әлемнің 86-шы ракеткасы саналса, жиырма үш жастағы австралиялық теннисші WTA рейтингінде 124-ші орында келеді. Екі теннисші бұдан бұрын өзара кездесу өткізбеген.

Зарина енді екінші кезеңде жиырма үш жастағы австралиялық Тамира Пажек пен жиырма төрт жастағы ұлыбританиялық Наоми Броуди жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас жақында ғана Франция жерінде өткен WTA сериялы «Internationaux de Strasbourg» турнирінің ширек финалында сүрінген еді. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz