Давид Вилья Америкаға жол тартты

О Сансызбай Корреспондент
Давид Вилья Америкаға жол тартты

Испания құрамасының шабуылшысы Давид Вилья америкалық «Нью-Йорк Сити» клубына ауысты. Осы маусымда мадридтік «Атлетикомен» Испания чемпионы атағын иеленген футболшы, негізі жаңадан қаланған клубтың алғашқы келісімшартқа отырған ойыншысы болды.

БӨЛІСУ

32 жастағы футболшы мен клуб үшжылдық келісімшартқа қол қойды. «Валенсия», «Барселона» және «Атлетико» сапында ойнағанда киген «7» деген сүйікті нөмірімен өнер көрсететін болды. Құрылғанына бір жыл енді толған «Нью-Йорк Сити» MLS ойындарына 2015 жылдан бастап қатысады. Сонымен қатар, клуб лондондық «Челси» командасының жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпардқа да қызығушылық танытып отыр екен.

Естеріңізге сала кетсек, «Нью-Йорк Сити» клубы ағылшындық «Манчестер Сити» футбол клубы мен америкалық «Нью-Йорк Янкиз» бейсбол клубтарының демеушілігімен құрылған.

Нью-Йорк көшесінде

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.segodnya.ua