Рики Ламберт "Ливерпульдің" жейдесін кимек

Рики Ламберт "Ливерпульдің" жейдесін кимек

Британдық «Саутгемптонның» шабуылшысы Рики Ламберт жақын күнде "Ливерпульдің" жидесін кимек, деп хабарлайды bbc.

Отыз екі жастағы шабуылшы Брендан Роджерстің қол астындағы команданың медициналық тексерісінен өтіп жатқан көрінеді. Сосын арада келісімге қол қойылады екен. Ал "Ливерпуль" өз кезегінде ұлттық құраманың ойыншысы үшін 4 миллион стерлинг қаржы жұмсамақ.

Осы маусымда Ламберт ішкі біріншілікте 37 ойынға қатысып, 13 мәрте көзге түсіп, 11 мәрте нәтижелі пастың авторы атанған. 

"Қызылдар" шабуылшы мәселесін осы күннен шешіп алуға ниетті. Себебі, клуб сапындағы сұрмерген және команда көшбасшысы Суарес ұжыммен қош айтысатын болса, орның басатын лайықты ойыншының табылғаны дұрыс. Таяуда мадридтік "Реал" аталған уругвайлық ойыншыға деген қызығушылығын тағы білдірген болатын. "Корольдік клуб" алдағы Әлем Чемпионатынан кейін, осы бір шабуылшыға шындап құда түспекке ниетті. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: bbc.co.uk

Л. Лига