Криштиану Роналду әлемдегі ең танымал футболшы деп танылды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Криштиану Роналду әлемдегі ең танымал футболшы деп танылды

Португалия құрамасының және мадридтік «Реал» клубының үздік ойыншысы Криштиану Роналду Repucom компаниясы түзген «әлемдегі ең танымал футболшылардың» тізімінде көш бастады.

БӨЛІСУ

Repucom зерттеу орталығының мәліметінше, әлемдегі 83,9 пайыз адам Криштиану Роналдуды таниды екен. Италия, Испания, Германия, Түркия және Аргентина секілді елдерде бұл пайыздық көрсеткіш 95 пайызға жетіп жығылады. Сондай-ақ, адамдардың 82,5 пайызы Криштиануды жаңа сән үлгісін көрсетуші ретінде жақсы білетін көрінеді.

Бұл тізімде екінші болып Аргентина құрамасының және «Барселона» командасының үздік ойыншысы Лионель Месси тұр. Мессиді әлемде 76,1 пайыз адам таниды екен. Үздік үштікті Мессимен бір клубта өнер көрсететін, испаниялық Жерар Пике қорытындылап тұр. Пикені Испанияда 97  пайыз адам таныса, әлемде 58 пайыз адам біледі екен.

Әлемдегі ең танымал футболшылардың үздік ондығы:

1. Криштиану Роналду ("Реал"),

2. Лионель Месси ("Барселона"),

 3. Жерар Пике ("Барселона"),

4. Фернандо Торрес ("Челси"),

5. Уэйн Руни ("Манчестер Юнайтед"),

6. Андрес Иньеста ("Барселона"),

7. Неймар ("Барселона"),

8. Икер Касильяс ("Реал"),

9. Златан Ибрагимович ("Пари Сен-Жермен"),

10. Тьерри Анри ("Нью-Йорк Ред Буллз").

Зерттеуге Аргентина, Бразилия, Қытай, Франция, Германия, Үндістан, Италия, Мексика, Ресей, Испания, Түркия, Ұлыбриания және АҚШ сияқты ірі мемлекеттерден 13-69 жас аралығындағы 1,5 млрд адам қатысқан. 

Сондай-ақ,  Криштиану әлеуметтік желілердегі танымалдығы жағынан үздік көрсеткішке ие. Оның Facebook-те 82 миллион досы болса, Twitter-де 26 миллион жазылушысы бар екен.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: sports.ru