Геннадий Головкиннің қарсыласы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкиннің қарсыласы белгілі болды

Кәсіпқой бокста WBA және IBO тұжырымы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы анықталды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген жерлесіміз келесі жекпе-жегін 26 шілдеде аустралиялық боксшы Дэниэл Гилге қарсы өткізеді. Ол кәсіпқой бокста 32 рет шаршы алаңға көтеріліп, 30-нда жеңіске жеткен. 16 кездесуін нокаутпен аяқтаса, 2 жекпе-жегінде жеңілген.

Қазақстандық былғары қолғап шеберінің бұл кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе-жегі болғалы отыр. 11-ші рет чемпиондық атағын қорғамақшы. Осыған дейінгі 29 кездесудің 26-сын мезгілінен бұрын аяқтаған.

Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы жұдырықтасу 26 шілде күні Нью-Йорк қаласындағы 20 мың адам тамашалай алатын «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Бұл жекпе-жекті "HBО" телеарнасы бокс жанкүйерлеріне тікелей эфирде көрсетпек. Қазіргі таңда қазақстандық боксшы Калифорния штаты маңындағы «Big Bear» жаттығу лагерінде дайындығын шыңдап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий (GGG) Головкин мен осы салмақ дивизионындағы әлемнің экс чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы кездесу мексикалық боксшының промоутерімен келісе алмағандығы себепті өтпейтін болып шешілген-ді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Чавес - Головкин арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

Чавеске 7 миллион, Головкинге 2 миллион доллар ұсынылған...

Геннадий Головкин үздік ондықағы орнын сақтап қалды