Суарес клуб ауыстырмайды

Суарес клуб ауыстырмайды

Уругвай ұлттық құрамасы мен «Ливерпуль» командасының шабуылшысы Луис Суарес өзге клубқа ауысқысы келмейтінін командаластарының біріне айтыпты. Ал оған қызығушылық танытып отырған клубтар қатары көп.

27 жастағы футболшы мен мерсисайдтық клуб осыдан төрт ай бұрын келісімшартқа отырған болатын. Егер шабуылшы өзге клубқа ауысар болса, оның трансфер құны 100 миллион еуроға бағаланатыны айтылған-ды. Ал футболшының өзі мерсисайдтық клубпен ағылшын біріншілігін бағындыруды армандайды екен. Осы маусымда Брендан Роджерс командасында чемпион атануға тамаша мүмкіндік болған. Бірақ сәттілік жетіспеген еді.

Сонымен қатар, шабуылшының клубтан кетпейтіндігінің тағы бір айқын тұсы бар көрінеді. Қыркүйек айында футболшының қызы Дельфина ливерпульдік бір мектептің табалдырығын аттағалы отыр екен.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Луис Суарес әлем чемпионаты алдындағы ұлттық құраманың жаттығуы кезінде тізесін жарақаттап алған болатын. Тізесіне ота жасатқан футболшы «мундиальға» барады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru 

Суарес клуб ауыстыра ма?

Суарес пен Старридждің бірігіп соққан голдары

Луис Суарестің үздік голдары

Ө. Сансызбай