Видео: Әлем Чемпионатына арналған жаңа бейнебаян

Видео: Әлем Чемпионатына арналған жаңа бейнебаян

Бразилия-2014 Әлем Чемпионатына арналған жаңа бейнебаянның тұсауы кесілді. Әнді каталондық "Барселонаның" испандық қорғаушысы Жерар Пикенің аты әйгілі келіншегі Шакира орындайды. 

«La La La» атты әнге түсірілген бейнебаянға әлемдік футболдың бірқатар шоқ жұлдыздары түскен. 

Естеріңізге сала кетсек, ертеректе Әлем Чемпионаты-2014 додасына арналған арнаулы ән шыққан болатын. Айтулы әнді Дженнифер Лопес, Питбуль және Клаудия Лейте бірлесе орындап еді.


Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: clipland.ru

Л. Лига