Италия құрамасының қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Италия құрамасының қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Мұндай қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне және оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан аймақты полиция қызметкерлерінің қарамағына алынуына себепкер - Италия құрамасының және «Миланның» жұлдызды шабуылшысы Марио Балотелли болып отыр.

БӨЛІСУ

Италия құрамасы әлем чемпионатына дайындық ретінде жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан Коверчиано жаттығу базасында жергілікті полиция өкілдері қауіпсіздік шараларын күшейтті. Өткен жаттығу ойындарының бірін де көрермендердің арасынан белгісіз біреулер Марио Балотеллиге «нәсілшілдікке» байланысты тіл тигізіп, айқайлаған болатын. Алаңда жүріп бұл сөздерге мән бермеген Марио Балотелли, жаттығу соңында орын алған тәртіпсіздік жайлы «Таң қалып отырмын, мұндай жағдайлар тек Рим және Флоренция қалаларында ғана орын алушы еді», - деп қысқа ғана түсінік берген екен.

Естеріңізге сала кететін болсақ, «супер Марио» мұндай жағдайға осыдан екі апта бұрын Италия чемпионатының 36-шы турында «Интер» командасына қарсы өткен ойында тап болған болатын. Сол кезде де «Интер» жанкүйерлері тарапынан нәсілшілдікке байланысты кемсітушілік жағдайы орын алып, нәтижесінде «Интер» командасына елу мың евро айыппұл салынған еді.

Марио Балотелли Италия құрамасы сапында 29 ойын өткізіп, 12 гол соққан екен.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru