Қазақстан жетінші кездесуін де жеңіліспен аяқтады

Қазақстан жетінші кездесуін де жеңіліспен аяқтады

Шайбалы хоккейден Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы соңғы кездесуін Финляндияға қарсы өткізіп, жеңіліс тапты.

«Минск-Арена» мұз айдынында өнер көрсеткен жерлестеріміз Финляндия құрамасынан 4:3 есебімен жеңіліс тапты. Алғаш болып финдер қатарынан 8 минутта Олли Палола есеп ашты. Араға 7 минут сала қазақстандық хоккейшілер есепті теңестіріп қана қоймай, басымдыққа да ие болды. Евгениий Рымарев таразы басын теңестірсе, Федор Полищук Қазақстанды алға шығарды. Алайда алғашқы кезең аяқталуға санаулы секундтар қалғанда финляндиялық хоккейшілер есепті теңестіріп кетті.

Екінші кезең толықтай Финляндия құрамасының басымдығымен өтті. Нәтижесінде жерлестеріміздің қақпасына екі бірдей шайба ендірді. Үшінші кезеңде Ари-Пекка Селин командасы бір шайбамен ғана жауап қатты. Бұл жолы Талғат Жайлауовтың нәтижелі пасынан кейін Константин Романов көзге түсті.

Сонымен бұл әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Барлық кездесулерінде жеңіліс тапқан жерлестеріміз екі ұпаймен «В» тобында соңғы орынды иеленді. Нәтижесінде жоғарғы дивизионнан бірінші дивизионға сырғыды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай