Луи ван Гал ресми түрде «МЮ» тізгінін ұстады

Луи ван Гал ресми түрде «МЮ» тізгінін ұстады

«Қызыл сойқандардың» бас бапкері болып нидерландылық маман Луи ван Гал тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Бразилияда өтетін әлем чемпионатынан кейін футбол маманы өз қызметіне кірісетін болады. Ал «мундиальға» Нидерланды құрамасын бастап барады. Көмекшісі болып, Райан Гиггз тағайындалса, бапкерлер құрамынан Луи ван Галдың жерлестері Франс Хук пен Марсель Бут та табылды. 62 жастағы бапкер мен «Манчестер Юнайтед» командасы үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, тәжірибелі жаттықтырушы осыған дейін Еуропада бірнеше топ-клубты баптаған. Олардың қатарында «Аякс», «Барселона», «АЗ Алкмаар» және «Бавария» командалары бар. Ал "Манчестер Юнайтед" маусымды сәтсіз аяқтады. 2012/2013 жылғы премьер-лига чемпиондары еурокубок жарыстарына жолдаманы иелене алмады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: manutd.com

Ө. Сансызбай