Әйгілі "Милан" еурокубок жолдамасынан қағылды

Әйгілі "Милан" еурокубок жолдамасынан қағылды

"Милан" командасы Италия чемпионатының соңғы ойынында жеңіске жетсе де, Еуропа лигасының жолдамасына қол жеткізе алмады.

Миландықтар соңғы ойында "Сассуоло" командасын 2:1 есебімен жеңіп, 57 ұпаймен небәрі 8 орынға жайғасты. Cөйтіп, Италияның бетке тұтар командасы келесі маусымда еурокубок ойындарына қатыса алмайтын болды. Бұл өз тарихында еурокубокты  7 рет иеленген  Милан командасы үшін күтпеген жағдай болды. "Россонерилер" Еуропа кубогын иелену жағынан Реал Мадридтен (9 рет кубокті жеңіп алған) кейінгі әлемдегі екінші команда. Милан соңғы рет 1998 жылы еурокубок жолдамасынан қағылған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, келесі маусымда Италия чемпионатынан Чемпиондар лигасына - «Ювентус», «Рома» және «Наполи» командалары, Еуропа лигасына - «Парма», «Фиорентина» және «Интер» командалары қатысатын болады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: operkor.net

Н. Айдархан